Жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды

76

Жетісай АПБ ЖПҚ Патрульдік полиция тобының қызмет инспекторы полиция майоры Ертау Сауранбеков мас жүргізушіні анықтап, оның қандай да бір қателікке жол беріп, жол апатын жасауына тосқауыл қойды.

Нақтырақ айтсақ, полицей Жылысу ауылдық әкімдігінің орталық көшелерінің бірінде қарама-қарсы өтіп бара жатқан көліктің жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тақпағанын байқайды. Оған қоса кәсіби шеберлігінің арқасында жүргізушінің отырысы, көзқарасы күдік тудырады. Осыған байланысты бірден әрекет еткен тәртіп сақшысы «Nexia» маркалы автокөлікті қуып жетіп тоқтатады. Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында, оның мас екені анықталады. Полицейлер күдіктіні бірден бөлімшеге жеткізді.

Оған қатысты сараптама тағайындалып, қорытындысына сай «Орта» дәрежелі мас халде екені анықталды. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» тіркеп, әкімшілік хаттама толтырды. Жинақталған іс-құжаттары заңды шешім қабылдау үшін аудандық сотқа жолданды. Қазіргі таңда ішімдік ішіп көлік тізгіндеген ер адам сот шешімімен 15 тәулік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды. Одан бөлек, қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 3-бөлігімен хаттама толтырылды.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері жүргізушілерге мас халде көлік басқармаңыздар деп ескертеді. Бұл құқық бұзушылыққа қатысты заң қатаңдатылғаны баршаңызға белгілі. Сондай-ақ қашықтықты және маневр жасау ережелерін сақтап, жылдамдықты шамадан тыс асырмаңыздар. Ешқандай жағдайда қарсы жолаққа шықпаңыздар. Тәртіп сақшылары кез келген жүргізуші не жолаушы, үнемі жол қауіпсіздігі ережесін орындап, тәртіпке бағынуына кеңес береді.