Шымкенттегі №1 қалалық емханаға «QazCovid-in» вакцинасы жеткізілді. Бұл инактивті вакцина, яғни ол өлі микроорганизмдерден  өндіріліп, тексерістен өткен.

Бұл вакцинаны 18 жастан бастап барлық қартттарға қабылдауға болады және созылмалы аурулары бар адамдар да қабылдай алады.Сонымен қатар вакцина науқастардың созылмалы ауруларын өршітпейді.

Ковидке қарсы екпе алу үшін емханаға ерікті түрде келген қала тұрғындары QAZVAC вакцинасын салдыруда.

Вакцинация аурудың таралуымен күресудің ең тиімді әдісі және ұжымдық иммунитетті қалыптастырудың сенімді әдісі болып табылады.
Қазақстанда COVID-19-ға қарсы вакцинациялау ерікті болып табылады.
Екпе алушы вакцинация кезінде өзі қалаған вакцинаны таңдауға құқылы.