2021 жылғы 16.04. сағат 23:50-де Қаратау ауданы, Асар шағынауданында Жаңақұрылыс н/з көше бойында ЖК «Кудасовқа» қарасты «Hyunday» маркалы трактор- экскаватор, жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде жоғары қысымды диаметрі Ду-315 мм. жер асты газ құбырын зақымдады.
Нәтижесінде 7578 жеке үй, 12 коммуналдық тұрмыстық кәсіпорын, 6 өнеркәсіптік кәсіпорын және 1 емханаға газ жүйесінен ажыратылды. Газдың шығуы тоқтатылды. Газ. құбыры «КазТрансГазАймақ» АҚ және тұрғын-коммуналдық шаруашылығының балансында.
Сондай-ақ жекеменшік газ қыбырының газ жүйесінен 140 жеке үй, 1 асфальт зауыты ажыратылды. Сыртқы ауа температурасы +13°С. Жарақат алғандар мен қайтыс болғандар жоқ.
жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді «Интергаз Центральная Азия» АҚ жұмысшылары 2021 жылғы 17сәуірге жоспарлаған.
Құрметті қала тұрғындары! Сабырлық танытып, түсіністікпен қарауды сұраймыз! Келтірілген қолайсыздықтарға кешірім сұраймыз!