Шымкентте ер азаматтар көп пе, әлде нәзік жандылар ма?

138

Шымкентте ер азаматтар көп пе? Әлде нәзік жандылар басым ба? Үшінші мегаполис тұрғындарының қазіргі саны милионнан асқан. Шаһар туу көрсеткіші жөнінен елдегі көш бастап тұрған өңірлердің қатарында.

Сондай-ақ, халық Шымкентке демалу үшін ғана емес, табыс табу үшін де ат басын бұратын болған дейді мамандар. Қазіргі таңда республикалық маңызы бар қаланың дамуы қарқынды жүріп жатыр.

Шымкент тұрғындарының басым бөлігі кімдер? Ерлер немесе әйелдер? Еліміздің үшінші мегаполисі халық тығыз орналасқан қала ретінде белгілі. Әрі бұл шаһар «жастар қаласы» деген атаумен де танымал. Қала бірнеше аудандармен шекаралас орналасқандықтан мұнда қонақтар да жиі келеді.

Егер статистикаға сүйенсек, Шымкентте ерлерге қарағанда нәзік жандылар көп екен. Статистика департаментінің сөзінше жыл басында арулардың саны халықтың жартысынан көп бөлігін құраған.

стай ЖАҚАЕВ,Шымкент қалалық статистика департаментінің бас маманы: «Әйелдер саны 554 мың болды. Бұл жалпы халық санының 51,6% құрайды. Ал ерлер көп ұтылмады, ерлер саны 519 мың болды, Бұл 48% ды құрайды».

Қала тұрғындарының жалпы саны милионнан асқаны белгілі. Қаңтар айында үшінші мегаполис халқының ресми саны 1 074 466 адамды құраған. Жалпы жаңа туылған нәрестелер саны жөнінен біздің қаламыз бүкіл ел бойынша алдыңғы қатарда. Шымкентте әр 15 минут сайын бір сәби дүниеге келеді екен. Яғни, күніне жүзден астам нәресте дүние есігін ашады деген сөз.

Бақытжан ПОЗИЛОВ, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
«2020 жылы Шымкент қаласында 30 мыңнан аса бала туылған. Яғни, қазіргі таңда әр 15 минут сайын дүниеге 1 перзент келеді. Шымкент қаласында қазіргі таңда бірнеше босану үйлері бар. Және де осы бала тууылуның жоғарылауына байланысты біз биыл екі перзентханамызды күрделі жұмыстан өткіздік. Және де болашақта үлкен ана мен бала орталығын ашу жоспарлануда».

Енді «шымкенттіктер келді » деген ескі көзқарас маңызды емес. Бұдан былай халық мегаполиске тек демалу үшін ғана емес, жұмыс жасап, табыс табуға да ат басын бұратын болған.