18 жасқа дейінгілерге не үшін вакцина салынбайды?

60

«18 жасқа дейінгі балаларға вакцина салынбайды». Бұл туралы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді. Сөзінше бұған халықтың дәл осы тобы үшін клиникалық зерттеудің жеткілікті дәрежеде жүргізілмеуін себеп екен.

Айжан ЕСМАҒАМБЕТОВА, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы: «Бүгінде 18 жасқа дейінгі балаларға вакцина салынбайды. Оларға вакцина қарсы көрсетілім болғандықтан салынбай отырған жоқ. Себебі халықтың дәл осы тобы үшін клиникалық зерттеулер жеткілікті деңгейде жүргізілмеген».

Енді қазақстандықтар вакцина салдыруға электронды үкімет порталы арқылы өтінім бере алады. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой сөзінше кезекке тұру 8 сәуірден басталады. Ол үшін тұрғындар алдымен порталға тіркелу керек. Осыдан кейін өзі орналасқан мекен-жайды белгілеп, тұрғылықты медициналық ұйымды көрсетуі қажет. Ал, азаматтың екпе салдыруға қай күні және қай уақытта келетіні смс хабарлама арқылы жеткізілмек.

Назерке Үкібасова