2021 жылдың 14 сәуірінде Қаратау аудандық полиция басқармасының «102» арнасы арқылы Бурятия Республикасының 63 жастағы тұрғыны тұрғыны арызданды. Ол өз арызында, 2017 жыл мен 2019 жыл аралығында, өзінің танысы Қазақстан Республикасы аумағынан полиметалл кеңінің сызбасын тауып беремін деп, сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 343.250.000 теңгесін алып материалдық шығын келтіргенін көрсеткен.
Қаратау аудандық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен Шымкент қаласының 38 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге кеңес береді. Егер Сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада 102 нөміріне хабарласыңыз.