35 мыңға жуық түркістандық вакцина қабылдады

44

35 мыңға жуық түркістандық вакцина қабылдады. Жалпы ақпан айынан бастап өңірге 33 400 доза екпе жеткізілген болатын.

Бүгінге дейін оны медицина қызметкерлері, погондылар мен педагогтар қабылдап үлгерді. Коронавирустың алдын алудан қарапайым азаматтар да қалыс қалып жатқан жоқ. Осы уақытқа дейін 2000-ға жуық өзге топ өкілдері «Спутник ви» вакцинасын алған.

Жауаптылар енді сәуір айының соңына дейін тағы 72 100 дозаны жеткізуді жоспарлап отыр. Айта кетейік, бүгінде аймақтағы індет жұқтыру көрсеткіші 1 пайызға жуық көбейген. Күні кеше тәжівирус тағы 27 түркістандықтан табылды.

Назерке Үкібасова