45 мың шымкенттік коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

119

45 мың шымкенттік коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Екпе қабылдағандар қатары қаламызда күн санап артып отыр. Олардың арасында жасы егде тартқан қариялар да бар. Тәжівирусынан сақтанудың жалғыз жолы вакцина қабылдау деген олар процестің еш қиындықсыз өткенін айтады.

Екпе салдыруға ерікті түрде барған жасы 80-нен асқан шымкенттік әжейлермен не дейді? Жасы сексеннен асқан шымкенттік бұл әжейлер бүгін коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Тамара Ивашенко, Любовь Лукина мен Альбина Атамбаева емханаға бірге ақылдасып келіпті. Және бұл шешімге ұзақ ойланып келгендерін айтады. Квиден сақтанудың жалғыз жолы вакцина салдыру деген олар екпенің әрқайсысына әртүрлі әсер еткендерін жеткізді.

Любовь ЛУКИНА, қала тұрғыны: «Екпе салып жатқанда кішкене ауырлық сезіндім. Ал, менің құрбыларым ештеңе сезбегендерін айтады. Вакцина әрқайсымызға әртүрлі әсер етті. Бірақ, қазір жағдайым жақсы. Кішкене әлденіп алсақ болды. Бұл өзіміз үшін керек.»

Ал, Тамара Ивашенко вакцина салдырмас бұрын оған деген күдіктің болғанын жасырмайды. Жан-жақтан сұрап, ақыры бір шешімге келдім деген әжей дәрігер кеңесіне де жүгінген. Мамандар сөзін тыңдадым деген кейуана екпе салдырмас бұрын медициналық тексеруден де өтіпті.

Тамара ЛУКИНА, қала тұрғыны: «Мен екпе салдырмас бұрын медициналық тексеруден өттім. Жүрегімді қаратып, дәрігерлер болады дегесін вакцина салдырдым. Ешқандай да ауырлық сезінбедім. Қорқып жүргеннен гөрі осы жақсы. Себебі бұл ауру жасы үлкендер үшін өте қауіпті».

Әжей Альбина Атамбаеваның отбасында бірінші болып ұлы мен келіні вакцина салдырған екен. Балаларының екпеден ешқандай кері әсер алмағанын көрген ол да құрбыларымен емханаға баруды жөн көріпті.

Альбина АТАМБАЕВА, қала тұрғыны: «Біздің үйде бірінші ұлым мен келінім вакцина салдырды. Олардан ешқандай кері әсер байқалған жоқ. Сосын мен де қабылдайын деп шештім. Енді егу бөліміне қызым мен күйеу балам бармақшы. Препарат пайда бермесе, ешқандай зиян тигізбейді».

Айта кетейік, бүгінгі таңда квиге қарсы вакцинаны Қазақстан бойынша жарты миллионнан аса, яғни, 576 459 тұрғын қабылдаған. Оның 45 456-сы Шымкент қаласының тұрғындары.

Назерке Үкібасова