Жиналған бұл жұрт осыдан ем алам деп ақшасынан айырылған шымкенттіктер. Жеке клиниканың тегін емдейміз деген жарнамасына қызыққан олар өздеріне несие ашқанын да білмей қалған. Енді міне қарызға белшеден батқан олар не қаржысын қайтара алмай, не емін алмай сотқа тағы келіп отыр.


Оларды сан соқтырған күдіктілер өткен жылы сотталған болатын. Бас фигурант ресейлік Алексей Гончаров. Жырақта отырып-ақ жұрттың қалтасын қаққан ол 10 жылға бас боастандығынан айырылды. Ал, оның сыбайласы деп танылған үш азаматша 5-тен 6 жарым жылға дейін сотталды. Бірақ, қылмыскерлер бұл айыппен келіспей аппеляцияға берген болатын.

Сот шығарылған үкімге ешқандай өзгеріс енгізген жоқ. Еске салайық, сот бұған дейін алданғандардың ақшасы қайтарылатынын айтқан еді. Алайда қымқырылған сома сол күйі берілмепті. Осыған күйінген ел енді жоғары сотқа жүгінгелі отыр.

Назерке Үкібасова