Ақпараттық қауіпсіздіктегі заңсыздықтар

144

Қазақстандықтардың ақпараттық қауіпсіздіктері күшейе түспек. Ол үшін елімізде киберқауіпсіздік тұжырымдамасы іске қосылуда. Осылай деген комитет төрағасы жаңа жобадан қателіктер табылса, және ол хабарланса сыйақы берілетінін айтады.

Бүгінде киберқауіпсіздікке 275 қатысушы тіркелген. Өткен жылдың желтоқсан айынан бастап осалдықтар туралы хабарламалармен 172 азамат есеп беріпті. 11 есеп бойынша 1 млн. теңге төленген дейді Руслан Әбдіқалықов.

Руслан ӘБДІҚАЛЫҚОВ, ҚР ЦДИАӨМ ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы:
“Қоғамдық ұйымдар министрліктің қолдауымен BugBounty алаңының пилоттық жобасын іске қосты, ол сыйақы үшін қызметтер мен қосымшалар қауіпсіздігінде табылған осалдықтар туралы есеп беруге және хабарлауға мүмкіндік береді. Жалпы, Қазақстанның әлеуетті дамуда, оны ақпараттық қауіпсіздігі саласындағы тәуелсіз зерттеушілер көрсете алады”.

Бұдан бөлек, жауаптылар елдегі ЭЦК-ның заңсыз берілу жағдайларын да жариялады. Сөздерінше электронды цифрлы қолтаңба кей лауазымды тұлғаларға заңсыз берілген. Өз қызметкерлерінен қолтаңбаны мәжбүрлі түрде алған фактілер әсіресе мемлекеттік орындар мен ұйымдарда жиі кездесетін көрінеді.

Руслан ӘБДІҚАЛЫҚОВ, ҚР ЦДИАӨМ ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы: «ЭЦҚ-ны беру фактілері бойынша біз ҚР ӘҚБтК-нің 640-бабы бойынша әкімшілік істер қозғаймыз және 15-тен 50 АЕК-ке дейінгі мөлшерде қаржы өндіріп алынады. 2020 жылы ЭЦҚ-ны заңсыз берудің және электрондық қолтаңбаны тиісінше қорғаудың 30-дан астам фактісі анықталды, 2021 жылдың басынан бері 6 іс қаралды, өндірісте тағы 3 іс бар».

 Назерке Үкібасова