Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы алдағы мамыр мерекелері қарсаңында қалалық мәслихаттың шешімімен бекітілген бір реттік ақшалай төлем жасау бойынша жұмыс атқаруда.

Ардагерлер мен «чернобыльшылар» ескерткішке гүл шоқтарын қоюда

7 мамыр- Отан қорғаушы күніне жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілерге, 1986-1987 жылдары Чернобыль  атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға, және осы жерде радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға 36 АЕК көлемінде бір реттік ақшалай төлемдер түріндегі әлеуметтік көмек беріледі.

Ұлдана Бекбау, Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім басшысы:»Ауғанстанда әскери міндеттерін орындаған ардагерлерге, Чернобыль апаты зардаптарын жоюға қатысқан азаматтардың есеп шоттарына  сәуір айының соңына  дейін   105 012 теңге көлемінде ақшалай көмек аударылады».