Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы алдағы мамыр мерекелері қарсаңында қалалық мәслихаттың шешімімен бекітілген бір реттік ақшалай төлем жасау бойынша жұмыс атқаруда.
7 мамыр- Отан қорғаушы күніне жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілерге, 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға, және осы жерде радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға 36 АЕК көлемінде бір реттік ақшалай төлемдер түріндегі әлеуметтік көмек беріледі.