Түркістан облысында жыл басынан бері коронавирустық инфекцияның расталған 818 жағдайы тіркелді. Жалпы облыста Covid-19 коронавирусты инфекциядан 4493 жағдай расталып, жыл басынан бері 625 пневмония аурушаңдығы тіркелген.

Өңір эпидемиологиялық жағдай көрсеткіші бойынша жасыл аймақтар тізімінде. Дегенмен соңғы екі аптада короновирус 36% , пневмония 54%-ға өскен.

«Өзге облыстардағы жағдайдың күрделенуіне байланысты КВИ және пневмония жұқпалы ауруларына шалдығудан барынша сақтанған жөн. Короновирустық инфекциядан сақтанудың бірден-бір жолы вакцина қабылдау. Тұрғындар арасында отбасылық, мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру толастамай тұр. 2021 жылдың қаңтар айынан бастап, тыйым салынған 192 мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылғаны белгілі болды»,- деді облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нұрбек Нышанов.

Айта кетейік, Түркістан облысында қазіргі таңда 12700 азамат өз еріктерімен Covid-19 -ға қарсы екпе қабылдады. Сәуір айында өңірге 10700 дозасы келеді деп күтілуде.

QAINAR KÓZТүркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі