Шымкентте аутизммен ауыратын балаларға арналған оңалту орталығы ашылды. Бұған дейін психикасында ақауы бар кішкентайлар тек ақылы түрде қаралуға мәжбүр еді. Енді міне мемлекеттік мекеме бүлдіршіндерді тегін қабылдауға дайын. Айта кетейік, қаладағы бұл кешен дәрі-дәрмексіз емдейтін тұңғыш орталық.
Оңалту орталығында жүрген бұл бүлдіршіндер аутизммен ауырады. Бұған дейін олардың ата-аналары балаларын тек ақылы түрде емдеуге мәжбүр болатын. Енді Шымкентте мемлекеттік психикалық денсаулық орталығы ашылды. Мұны естіген науқас балалардың жақындары бұл жаңалықты көптен күткенін айтады.
Нұрила ЗУЛПИХАРОВА, ата-ана: «Оңалту орталықтары көп ашылса екен. Көп ата-ана қаржыдан қысылады. Басты мәселе қаржы ғой бұл жерде. Қаржысы жоқ балалар қалып қалады. Қазір өте қуаныштымын. Әрі қарай осындай орталықтар ашылып, жүзу, футбол сияқты біршама орындар екен. Меніңше енді бәрі ақырындап ашылады».
Аутизммен ауыратын балаларға арналған кешеннің тағы бір ерекшелігі мекеме кішкентайларды дәрісіз емдейді. Психолог, дефектолог пен логопедтен құралған мамандар қатары әлі толықпақ. Орталықтың бас дәрігері келушілердің күн санап артып жатқанын да жеткізді. Айта кетейік, орталық науқастарды екі ауысыммен қабылдайды. Қаралуға күніне 20 баладан келеді екен.
Серік МЫҢБАЕВ, Шымкент қаласы психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері: «Бастама болардың алдында қалада 57 бала есепте тұратын еді. Қазір орталық ашылғалы бері қаланың 203 бала есепке тұрып жатыр. Негізі біздің қалада одан көп болуы тиіс. Халықаралық статистикаға жүгінетін болсақ, 1500-2000 баладай болу керек кем дегенде. Әлі де көп ата-ана бұл орталық туралы білмейді».
Орталықта бірқатар оңалту кабинеті бар. Бірінде балалар дене шынықтырумен айналысса, бірінде дамыту ойыншықтары ұсынылған. Және өзін жан-жақты сынап болған соң балаларды тынығу кабинеті күтеді. Орталықтың бас дәрігері кешеннің бұдан да кеңейтенін айтады. Алда футбол алаңшасы ашылып, бассейн салынбақ.
Назерке Үкібасова