Ең үздік дауыстарды іздейді

173

Шымкент қаласының әкімдігі қала автобустарында аялдамаларды дауыстық хабарландырумен қамтамасыз етуді жоспарлауда.

Осыған байланысты ең әдемі дауысты анықтау мақсатында 2021 жылдың 7-14 сәуір аралығында «Ең үздік дауыс» атты байқау өтеді. Байқау жеңімпазы қала автобустарында дауыстық хабарландыруды оқуға ие болады.

Байқауға қатысу үшін төменде көрсетілген мәтінді дауыстық хабарламамен +7 (701) 828 70 00 Whats App нөміріне жіберу қажет.

Дауыстық хабарлама мәтіні:
« – орталық саябақ аялдамасы,
« – келесі Филармония аялдамасы»

«күдікті заттар жайлы жүргізушіге хабарлаңыз».

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі