Қазығұрт шағынауданында «KLINIKA QAZYQURT» медициналық орталығы ашылды.

Заманауи медициналық құрылғылар мен озық технологиялармен жабдықталған орталықта жоғары санаттағы білікті дәрігерлер жұмыс істейді. Медициналық орталық қазығұрттықтармен қоса жақын аумақта орналасқан елдімекен тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетеді.

Жаңадан ашылған «KLINIKA QAZYQURT»- медициналық орталығы Шымкент қаласының денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың ұзақ мерзімді жоспарына енгізілген. Бұл клиникаға тіркелген тұрғындарға кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсету және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде алғашқы медициналық және аурухананы алмастыратын күндізгі стационарларлық ем-шараларын көрсетуге мүмкіндік береді.

Бағила Әуелбекова медицина мекемесіне баласын емдетуге алып келіпті: «Өзіміз тұратын «Қазығұрт» шағынауданында клиниканың ашылғаны жақсы болды. Қалаға бармай-ақ осында физиоемдеуді де аламыз. Рахмет үлкен».

«KLINIKA QAZYQURT»- медициналық орталығына жүгінген тұрғын алдымен дәрігерге дейінгі профилактикалық тексеруден өтеді. Кеңестік-дигагностикалық жалпы тәжірибелік бірлігіндегі терапевт дәрігердің қабылдауында болып, қажет болса осындағы маман дәрігерлерге жіберіледі және талдауды орталықтың өзінде жасауға мүмкіндігі бар.
Бегзад КАМАРДИНОВ, «KLINIKA QAZYQURT» медициналық орталығының уролог-андрологы: «Біз қалалықтарды клиникаға шақырамыз. Көктемде асқынатын қуық жүйесі ауруларын емдейміз. Ер адамдардың жыныстық жүйесі ауруларына да ем-дом жасаймыз. Әйелдер мен балаларды да қабылдаймыз. Келіңіздер!».

Медицина орталығында ауыр жағдайдағы науқастарға көмек көрсететін арнайы бөлім қарастырылған. Мұнда өкпенің жасанды желдетуі және оттегі аппараты да бар.

Раушан МАМБЕТОВА, «KLINIKA QAZYQURT» медициналық орталығының бас дәрігері:  «Ота бөлімі келешекте бір күндік медициналық көмек және көз, құлақ, мұрын операцияллары жасалынады. Қазіргі таңда сусамыр ауруы көбейіп кетті.  Ең қорқыныштысы ауруды уақытысында емдемесе асқынып, аяқтарында жара пайда  болып, кейбір жағдайларда кесуге тура келеді. Осындай келеңсіздіктерге жол бермес үшін хирургиялық көмек көрсетіледі. Лазермен жаралар емделеді».

Озық технололгияларды кеңінен қолданып, халыққа сапалы медициналық қызмет көрсететін мекемеде оңалту орталығы және сұранысқа ие массаж бөлмелері де жұмыс жасауда.

лиц № 0012, 2021 жылдың 25 наурызында ҚР ДСМ берілген.

«KLINIKA QAZYQURT» медициналық орталығының мекен-жайы: Шымкент қаласы, «Қазығұрт» шағынауданы, Н.Оңдасынов көшесі №131 ғимарат.