Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Пошатаев Заңғар Аңсарұлы 7500-ға жуық халқы бар Тоғыс елді мекенінде күнделікті профилактикалық тексеру жұмыстарын жүргізеді.
2021 жылғы 23 сәуір күні учаскелік полиция инспекторы Заңғар Пошатаев әкімшілік аумағын аралау кезінде Шыңғыстау көшесінде тұратын тұрғындардың бірі көше бойына көң үйінділерін төккенін байқаған.
Тәртіп сақшысы аталған азаматшаға мал жаю ережелерін еске салып, көң мен қоқыс үйінділерін рұқсатсыз жинауға қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Елдi мекеннiң аумағын абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін оған қатысты ҚР ӘҚБтҚ-нің 505-бабы 1-бөлігі 1-тармағы бойынша хаттама толтырылды.