Коронавирустан тағы 33 қазақстандық қайтыс болды

45

Өткен тәулікте коронавирус тағы 2530 қазақстандықтан табылды. Олардың 682 Алматы қаласынан анықталса, 401 Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары. Ал, Шымкент қаласынан 49 науқас тіркелген.

Өкінішке орай кейінгі тәулікте қатерлі вирустан 33 отандасымыз ажал құшқан. Оның бірі жерлесіміз. Ал, ауыр жағдайда жатқандар саны 663-ке жетті. Тағы өте ауыр жағдайда 176 азамат жатса, 96 қазақстандық өкпені жасанды желдету аппаратына таңылған. Ковидті жеңгендер де көбейіп келеді. Кейінгі күні квиден 2084 қазақстандық жазылып шықты.

Осылайша ел бойынша ковидттен емделіп шыққандар саны 250 мыңға жетті. Ал, вакцина салдырғандар саны 733 980-ге болды. Шымкент бойынша екпенің бірінші компанентін 67 263 азамат салдырып үлгерген.

Назерке Үкібасова