Маған екпе қаншалықты қажет? Бұл сұраққа күн сайын мыңдаған тұрғын жауап іздейді. Және олар үш топқа бөлінеді. Бірі вакцинаны қолдаса, екіншісі оған қарсы. Ал келесісі тіпті бәріне күмәнмен қарайды.

Әрқайсысының өз шындығы мен жасаған тұжырымы бар. Кейде елдің қорытқан ойы миға қонымды болса, кейде санаға сыймайды. Осы және өзге де қаңқу сөзге нүкте қою үшін біз жаңа жоба бастадық. Ол екпе қабылдағандар блогы. Онда әр жастағы әр сала өкілдері коронавирусқа қарсы вакцина алғандағы әсерлерімен бөліседі.

Қала тұрғыны: «Екпенің біріншісін қабылдағанда бәрі қалыпты өтті. Интернетте жазылған әлдекімдердің ойына тіпті сай келмейді. Қаңқу сөздерге сенбеңіздер. Вакцина ол өте жақсы. Біздің басымыздан өткенді ескерсек, ол біз өткен қиындықтан әлдеқайда тәуір».

Қала тұрғыны: «Мен №14 емханада дәрігер болып жұмыс істеймін. Вакцинаның екі компонентін де қабылдадым. Өте қолжетімді. Зейнеттегі азаматтар да қабылдап жатыр. Өзім 63-темін. Ешқандай да аллергиялық әсер болған жоқ. Шағымым жоқ. Мен қала тұрғындарының барлығын екпе қабылдауға шақырамын».

Назерке Үкібасова