Сайрам ауданының әкімі Уласбек Садибеков , аудандық мәслихат хатшысы Ш.Халмурадов әкімдік қызметкерлері аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жұмыстарымен танысты.
Мұнда Сайрам ауданындағы аудандық маңызы бар КХSR-11 «КХ-3 Көксәйек-Шаян-Аққала-Сарқырама» автомобиль жолын 5,3-10,6 шақырым аралығын күрделі жөндеу жұмыстары басталып қазіргі таңда Мердігер мекеме «Тұмар СтройПроект» жауапкершілігі шектеулі серіктестік аудан тұрғындарына аталған нысанды 2021 жылы толық аяқтап пайдалануға беру жоспарлануда.
Аудан әкімі аралау барысында Манкент ауыл округінде орналасқан О.Құрбанов көшесінің толығымен аяқталған ұзындығы 1700 метр орташа жөнделген жұмыстың нәтижесін өз көзімен көрді.
Сондай-ақ Қарасу ауыл округі Ақбай ауылында 2019 жылы КХSR-1 Ақбай-Жаңатұрмыс-Бескепе-Ынтымақ аудандық маңызы бар автомобиль жолы орташа жөндеуден өткен.
Кепілдеме мерзімі ішінде жолда ақаулар пайда болып, жарамсыз деп танылған.
Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен мердігер мекемеге ақауларды қалпына келтіру міндеттелген.
Алайда, мердігер тарапынан ахауларды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмей отыр. Қазіргі таңда сот орындаушылар тарапынан мердігер мекеменің есеп шоттары бұғатталған.