Шымкент қаласында өткен тәулікте 6 930 адам вакцина алды: I компонент – 6 576, II компонент – 1 254. Егу науқаны басталғалы барлығы 95 985 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 11 616 адамға вакцинаның екі компоненті салынды.
28 сәуір күні КВИ-дің 114 жағдайы тіркеліп отыр (белгілері бар — 67, белгілері жоқ — 47). 27 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 87 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 406 орын бар (қалалық инфекциялық орталық – 490, «Атамекен» клиникасы – 450, Орынбай ГБОО – 70 орын, №14 емдеу орталығы – 250, қалалық перинаталдық орталық – 30, оңалту орталығы – 100, қалалық клиникалық балалар ауруханасы – 10, Шымкент жүрек орталығы – 6).
Қала аумағында өткен тәулікте 493 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 14 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Шаһарда сауда нысандарында карантин талаптарының сақталуын бақылайтын 22 мобильдік топ жұмыс істеуде. Бұл бағыттағы іс-шаралар өзге өңірлермен салыстырғанда белсенді жүргізілуде. Жеке кәсіпкерлерге, қала тұрғындарына сақтық шараларына мән беруді, қоғамдық орындарда бетперде тағып жүруге шақырамыз.