Қаратау ауданында мобильдік топ 77 нысанда болды

100

Қаратау ауданындағы кәсіпкерлік нысандарда карантиндік талаптардың сақталуын арнайы 6 мобильдік топ күнделікті мониторинг жасайды. Олар кешегі күні 77 нысанға карантин режимін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Мобильдік топтың мәліметінше, кешегі күні ауданға қатысты халыққа қызмет көрсету саласындағы нысандарда және адамдар жиналуға мүмкіндігі бар орындарда әлі де жаңа қаулыдағы өзгерістерді ескермей, жұмыс істегендіктері анықталды.

Атап айтар болсақ, Төлеметов көшесіндегі «Рауан», Бәйдібек би көшесіндегі «Сезім» және Ақжайық шағынауданындағы «Рахат» азық-түлік дүкендерінде карантин режимінің талаптары бұзылған. Бұл ретте, дүкен басшылығынан түсініктеме алынды, әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сонымен бірге жаңа Қаулыдағы өзгерістер түсіндіріліп, алдағы уақытта осы қаулы негізінде жұмыс істеу керектігі айтылды.