Қауіп жоқ: Кәріз жүйесі бензолдан тазартылды

176

Шымкенттегі кәріз жүйелері химикаттардан тазартылды. Енді тұрғындардың денсаулығына ешқандай қауіп жоқ дейді Еңбекші ауданы әкімдігіндегілер.

3 күнде «Су арнасы маркетинг» мекемесінің мамандары бірнеше шақырымға созылған кәріз жүйесін хлормен тазалапты. Қазір жағымсыз иіс жоқ деп сендірді жауаптылар.

Александр МАЛАХОВ, Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары: «Клара Цеткин көшесіндегі жағымсыз иіс жайлы жергілікті тұрғындар тиісті органдарға наурыздың 16-сына хабарлаған. Екі күн өте сол төңіректегі мектеп оқушылары мен мұғалімдері ауруханаға жеткізілген. Сол маңдағы халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері де өздерін жайсыз сезінген. Олардың пікірінше, себеп — кәріз жүйесінен тараған улы иіс. Қалалық кәріз жүйесіне химиялық реагенттер ағызғанын жергілікті экологтар үш күн бұрын білген. Қалалықтардың уланған заты-бензол екені белгілі болған. Оның 12 есе артық мөлшері кәріз жүйелерінде анықталған. Сол күні магистральды жүйелерде шаю жұмыстары қолға алынды».

Шынар Оразова