Шағын және орта кәсіпкерлік 700 млрд. теңге көлемінде өнім шығарған

78

Шымкентте шағын және орта кәсіпкерліктің негізгі көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалада. Осы жылдың үш айында олармен шығарылған өнім көлемі 699,1 млрд.теңгені құрап отыр. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,1% өсімді көрсетті. Ал 2019 жылдың 9 айында шағын және орта кәсіпкерліктен 630,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілген болатын.

Бүгінде мегаполисте жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлер саны 68 264 бірлікті құрайды. Аталған кәсіпорындарда 166 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған.

Шағын және орта кәсіпкерліктің әрі қарай дамытуды және бекітілген индикаторлардың орындалуын қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы арқылы қол жеткізілетін болады.