ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ КІТАПХАНА ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

125

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасына барып, рухани азық орнындағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Сондай-ақ, заман талабына сай оқырмандарға қызмет көрсету ісінде озық жетістікке жете білген кітапхана қызметкерлерімен тілдесті. Білім ордасындағы ерекшеліктерді көрген шаһар басшысы өз ұсынысын да жеткізді.

Мұрат ӘЙТЕНОВ, Шымкент қаласының әкімі: «10 000 -дай кітапты электронды оқуға мүмкіндігіміз болады. Бұл кемінде. Сол үшін хат жазып, электронды алып, көшіріп алып, үйде оқуына болады».

Рухани шаңырақ халыққа кітапханалық-библиографиялық, ақпараттық қызмет көрсетуде. Бүгінде кітапхананың 400 мыңнан астам кітабы мен 6546 дана электронды қоры бар. Оқырмандар саны 18 600-ды құраса, келушілер саны 128 000, ал кітап берілімі 216 000-ге жеткен.

Қазіргі таңда оқырманы көп бұл кітапханада 96 қызметкер еңбек етеді. Сондай-ақ, бұл білім ордасы қала аумағындағы кітапханалар үшін ғылыми-әдістемелік орталық болып табылады.

Мөлдір Ибадуллаева