Шымкент карантин талабын сақтамаған кәсіпкерлер көшін бастап тұр

192

Ел бойынша карантин талаптарын бұзған кәсіпкерлер көшін шымкенттіктер бастап тұр. Ведомства өкілдерінің сөзінше жергілікті бизнес иелері той ұйымдастырудан алдына жан салмай келеді. Және жауаптылардың көрсеткен межелі уақыт та ешкімді қызықтырмай тұрған сыңайлы. Кесірінен 250 шымкенттік кәсіпкердің карантин ережесін бұзғаны анықталған.

Алексей ЦОЙ, ҚР Денсаулық сақтау министрі: “Наурыз айында 16 030 рейдтік жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде 102 166 нысан тексерілді. Белгілі болғандай оның 2864-і карантин талабына бағынбаған. Бір айта кетерлігі оларға айыппұл салынса да заң бұзуды тоқтатпай келеді. Кесірінен 3021 әкімшілік шара көрілді”.

Осылай деген еліміздің бас дәрігері жұртты жаппай екпе қабылдауға шақыруда. Сөзінше соңғы күндері қатерлі індет қайта күшейген. Бір күннің өзінде вирус 1663 қазақстандықтан табылды. Оның басым бөлігі Алматы және Нұр Сұлтан қаласының тұрғындары.

Назерке Үкібасова