Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік аумағында үнемі профилактикалық тексеру жұмыстарын жүргізеді.
2021 жылғы 29 сәуір күні тәртіп сақшылары әкімшілік аумағын аралау кезінде Ақпан Батыр көшесі №3 үйдің алдында жергілікті тұрғын құм және тас төккенін байқады. Аталған заттардың иесі анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтҚ-нің 505-бабы 1-бөлігі 1-тармағымен әкімшілік шара қолданды.