Шымкентте 5 сәуірден жылыту маусымы тоқтатылды

72

Ауа температурасының жылуына байланысты қала әкімінің өкімімен 5 сәуірден бастап Шымкент қаласында жылыту маусымы тоқтатылды. Ережеге сәйкес, бес күнтізбелік күн ішінде тұрақты сыртқы ауаның орташа температурасы +8 градус және де одан жоғары болған кезде жылыту маусымы тоқтатылады. Шаһарда көрсетілген ауа температурасы сақталғандықтан жылу беру тоқтатылды.

2020-2021 жылыту маусымында апаттық жағдайлар мен техникалық кемшіліктер орын алған жоқ. Айта кететін жәйт, Шымкентте жылу беру маусымы былтыр 15-ші қазанда басталған болатын. Осы мерзімде қаладағы 1896 көпқабатты тұрғын үй мен 479 бюджеттік мекемелер орталықтандырылған жылу жүйесімен қамтамасыз етілген.

Шынар Оразова