Шымкентте онкология орталығының дәрігерлері біліктіліктерін арттыруда. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты онкогинекология орталығының дәрігерлері шымкенттік дәрігерлерге шеберлік сабақтарын өткізуде.

Білікті мамандар жергілікті ақ халаттыларды лапароскопияға арналған жаңа аппараттағы операция әдістеріне үйретіп жатыр. Лапароскопиялық жолмен жүргізілген операциялардың нәтижесінде науқастардың ауруханада болу уақыты қысқарады.

Ақ халаттылар зейнеткер Инна Коновалованы операцияға дайындау үстінде. Науқас жақында ғана өзіне аналық безінің қатерлі ісігі диагнозы қойылғанын білген. Қан кету туралы шағымдармен ол екі апта бұрын ғана дәрігерге жүгініпті, онкологтардың қойған диагнозы көңіл көншітпеді, жатырды алып тастау үшін шұғыл хирургия қажет. Бірнеше жыл бұрын ғана онкологиялық орталықта бұл науқасқа сүт безінің ампутациясы жасалынған болатын.

Инна КОНОВАЛОВА, Шымкент қаласындағы онкологиялық орталықтың пациенті: «Әрине, қорқыныш бар, дірілдейсің. Бәрі қалай болатынын айтты. Мен диагноз туралы екі апта бұрын білдім, қан кете бастады, шұғыл түрде бәріне анализ жасатып, осында жатқызды».

Инна Григорьевнаға операция лапороскопиялық жолмен жасалады. Науқас биыл 71 жаста, зейнеткердің қысымы жоғары.

Константин ЮГАЙ, Шымкент қаласы онкологиялық орталығының радиогинекология бөлімшесінің меңгерушісі: «Реанимациядан кейін бірінші тәулікте орнынан тұрады, содан кейін 3-4 күн гистология нәтижелеріне дейін шығарылады. Ашық қол жетімділіктегі қиындықтарда, семіздікпен, қатар жүретін аурулар болған кезде, біз тігіс бітіп кетпейді деп қорқатын кезде, қант диабетімен ауыратын науқастар 10-12 күнге дейін реанимацияда болады».

Шымкенттетің онкологиялық орталығында лапороскопияға арналған аппарат бір жыл бұрын сатып алынған. Содан бері дәрігерлер шеберлік сыныптарында біліктілігін арттырып келеді. Бүгінде оны Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері оқытады. Бірінші операцияны алматылық дәрігерлер бір күн бұрын жасады. Операция үстеліне Фарида Оңғарбаева түскен. Науқас бұл орталыққа жатыр мойны обырымен түсті. Патология емханадағы скрининг тексеруі кезінде анықталыпты.

Фарида ОҢҒАРБАЕВА, Шымкент қаласындағы онкологиялық орталықтың пациенті: «Дәрігерлерге үлкен рахмет. Мен өзімді жаман сезінбеймін, операция бірнеше сағатқа созылды. Қазір мені жақсы қарап, күтіп жатыр. Кәсіпқой мамандарға басымды иемін».

Шымкентке келген онкогинеколог мамандар тағы жеті ота жасауды жоспарлап отыр.

Олжас Айдарбек