Шымкентте өзбекстандық отбасы уланып, отанасы көз жұмды

140

Шымкентте Өзбекстаннан келген отбасы белгісіз затпен уланған. 36 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмған, ал екі баласы ауыр халде ауруханаға жеткізілді дейді мамандар.

Төтенше жағдай департаментіндегілердің мәліметінше, олар қалаға пойызбен келіп, хостелден бөлме жалдаған көрінеді. Ал таңғы уақытта өздерін нашар сезінген. Ал газ саласының мамандары ол отбасы тұрған бөлмеден мұржасы жоқ ағынды су жылытқышты, яғни гофраны тауыпты.

Бірақ тексеру кезінде терезелер ашылып, кран жабылған. Сол себепті мамандар әйел азаматының өлімі тамақтан улану салдарынан болуы мүмкін екенін айтады. Көз жұмған келіншектің бақилық болмас бұрын баялдыр жегені белгілі болды. Қазіргі таңда ол тағам зертханаға жеткізілген.


Бахадыр Расулов, Шымкент қаласы ТЖД басқармасының бастығы: «Өзбекстан Республикасының азаматтары пойызбен келіп, осы хостелге қоныстанған Олармен бірге 1985 жылы туған азаматша мен 2016 және 2010 жылдары туған екі бала болған. Қазіргі уақытта балалар ауруханада. Бір баланың жағдайы орташа, ал екіншісі реанимацияда. Сот-медициналық сараптама тағайындалды».

                                      Мөлдір Ибадуллаева