Шымкентте қоғамдық көлік жүргізушілерін қайта даярлаудан өткізетін оқу орталығы биыл 2 сәуірде ашылып, оқыту жұмыстары басталды. Мекеме қала тұрғындарының қоғамдық көлік жүргізушілеріне қатысты шағымдарының көбеюін ескере отырып, ұйымдастырылып отыр.

Аталған орталықта арнайы мамандар, психологтар жүргізушілерге жолаушылармен қарым-қатынас ережелерін, жол жүру қауіпсіздігі, жолаушылар тасымалдау қағидаларын үйретеді. Қатысушыларға сертификат беріледі.

Қазіргі таңда бірінші кезеңдегі оқыту жұмыстары басталып, 30 жүргізуші қайта даярлау курстарынан өтуде. Жоспар бойынша айына 3 кезең бойынша қайта даярлау жұмыстары ұйымдастырылып, жыл соңына дейін шамамен 800-ден астам жүргізушіге сертификат тапсыру көзделуде.