Шымкентте «Таза табиғат» акциясы өтуде

133

«Шымкент сити» тұрғын алабында «Таза табиғат» ағаш көшеттерін отырғызу шарасы бастау алды. Бұл акция «Шымкент қаласы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі мен «Азаматтық альянс» қауымдастығы ұйымдастырып отыр. Экологиялық шараға кез келген адам қатыса алады.

Әбдез ИМАНҚҰЛОВ, «Нұр Отан» партиясы Қаратау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары: «Бұл шараның бірнеше маңызы бар деп ойлаймын. Біріншіден, экологиялық шара өзіміздің қаламыздың экологиялық жағдайын жақсартып жатырмыз. Екіншіден, бұл жастарға берілетін тәрбие. Жастар ексін, көрсін. Осы экология шараға қатыссын, табиғатты қорғауды білсін. Үшіншіден, енді Шымкент өзі қаланың аты айтып тұр жасыл қала. Жасыл қаланы сіз бен біз жасылдандырмайтын болсақ, басқа ешкімге керек емес».

Акция бірнеше күнге жалғаспақ. Ұйымдастырушылар қала бойынша жалпы саны 1000-ға жуық көшет отырғызуды жоспарлап отыр. Көшеттердің ешбірі жеміс ағашы емес, декортивті емен, қарағаштар таңдап алынған.

Олжас Айдарбек