Шымкентте жыл басынан бері 10 мыңға жуық тұрғын жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту орталығында тіркелген. Сала жауаптылары екі қолға бір күрек таппай жүргендер саны әлі де артады деп отыр.
Сондықтан да «Еңбек» бағдарламасы аясында жыл соңына дейін 22 мыңға жуық тұрғынды жұмыспен қамту көзделуде. Қазірдің өзінде 5 мыңнан астам тұрғын жұмысқа орналасқан.
Шымкентте бүгінгі таңда ресми тіркелген жұмыссыздар саны 10 мыңға жуықтайды. Алайда мамандар жыл соңына дейін олардың саны артатынына сенімді. Себебі карантиндік режим талай жанды нәпақасынан айырып, жұмыссыздар қатарын толықтырып келеді.
Екі қолға бір күрек таппай жүргендерді қолдау мақсатында «Еңбек» бағдарламасымен биыл 21842 тұрғынды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Жыл басынан бері дипломы жоқ 2,5 мың адам түрлі мамандықтар бойынша қысқа мерзімді курстарға жіберілген.
Ерман БЕКМҰРАТОВ, Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы: «Біз қазір арнайы топ құрдық. Ол жерде біздің басқарма, осы қаладағы кәсіпкерлік басқармасы, құрылыс басқармасы, барлық басқармалар бар. Сол жақта құрылысқа тартылатын азаматтар, басқа да кәсіппен айналысатын қызметкерлер арқылы бірлесіп жұмыс жасаймыз. Бізде индустриялы зоналар бар. Арнайы экономикалық зоналар бар. Ол жердегі зауыттар бар. Оларға жер берілген кезде инфраструктура мен бірінші кезекте қойылған талап ол – адамдарды жұмыспен қамту, және де салықтарды бізге түсіру».
Ал мүмкіндігі шектеулі азаматтар енді техникалық оңалту құралдарын онлайн тапсырыс бере алады. Ол үшін әлеуметтік қызметтер порталына кірсе жеткілікті. Онда оңалту құралдарының 55 түрі бар.
Ерман БЕКМҰРАТОВ, Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы: «Мүгедектіктігі бар азаматтарды қолдау бағытымыз бар. Ол жерде бізде қала бойынша отыз жеті мың азамат. Оның ішінде жеке жоба бойынша бізге уже 3,3 миллиард теңге қаржы бөлінген. Бүгінгі таңда жеті мыңға жуық өтінім түскен. 5 арто протезилық құралдар, сурдо техникалық құралдар, гигиеналық қол арбалар, ымдау, жеке көмекшілер сонымен жеке санатор-курорттық емделулерге 7232 өтініш түсті, бұдан бөлек, бізде қаламызда инво таксилер мем СОС таксилер жүмыс істейді. Ол жерде 43 және 18 қызмет. Бүгінгі таңда 850 өтініш қабылданып, қалада жұмыс жасайды».
Мамандар қоғамдағы осал топтар үшін арнайы «Әлеуметтік әмиян» жүйесін енгізбек. Қолданушы аталған қосымша арқылы ғана ақшалай операциялар мен сатып алулар жүргізе алады. Ал атаулы әлеуметтік көмек үшін биыл 13,5 миллиард теңге бөлінген. Жыл басынан бері 35 мыңға жуық отбасы азық-түлік пен тұрмыстық заттар алып үлгеріпті.
Ақмарал Айтбаева