Жыл басынан бері Шымкентте 324 көшеге атау берілді. Қаладағы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы ақпаратына сәйкес тағы 1 шағынауданға айдар тағылған.

Айта кетейік, өткен жылы бұл көрсеткіш 357 көше және 24 шағынаудан болған еді. Бұдан бөлек, жауаптылар қазақ тілін меңгергісі келгендердің өзгелермен салыстырғанда көп екенін айтады.

Мәселен, мемлекеттік тілді меңгергісі келгендер саны 279 болса, орыс тілін 47, ал ағылшын тілін 138 тұрғын үйреніп жүр екен. Қала берді қала тұрғындарының көрмеге де қызығушылығы артқан. Мегаполистегі көрме орталығына келушілер қатары өткен жылмен салыстырғанда 27 пайызға көбейді дейді басқарма өкілдері.

  Назерке Үкібасова