Шымкенттегі пластикалық өнім шығаратын ерекше зауыт

139

 «Оңтүстік» индустриалды аймағында теңдесі жоқ бірегей өнім полипролпилен парақтары шығарылады. Одан әртүрлі сұйықтықтарды сақтауға арналған үлкен көлемді цистерналар, бассейндер мен аквапарктердегі сырғанақтар жасалады. Пластикалық бұйымдар шығаратын үлкен зауыт туралы толығырақ келесі бейнематериалда.

Кез-келген күрделі өнімді пластиктен өндіру. «ЮгРегионПласт» кез-келген жобаны жүзеге асырады: киім ілгіштерден бастап сұйықтықтарды сақтауға арналған цистерналар, понтондар мен бассейндер.

Василий СТОЛЯРЧУК, ЗАУЫТ БАСШЫСЫ: «Бұл машина ПОЛИПРОЛПИЛЕН парақтарын шығарады, яғни парақтың қалыңдығы 2 мм-ден 27 мм-ге дейін, оның ені 1,5-тен 2 метрге дейін, ал ұзындығының шегі жоқ».

Санжар БАУЫРЖАНОВ, САУДА ДИРЕКТОРЫ: «Біздің зауыт мемлекеттің қолдауымен «Қазақстанды индустрияландыру картасы» және «Бизнестің жол картасы» екі бағдарламаның шеңберінде салынды. 2011-де біз құрылыс салуды бастадық. Ал, ал зауыт 2013 жылы іске қосылды. Біздің сұранысымыз жыл сайын жақсы жаққа өзгеруде, бірақ 2020-да бізде пандемия болды, білесіз бе, бұл жыл түсініксіз болды, бірақ қысқаша айтар болсақ, 13 мың шаршы метр өнімді біз 2020 жылда саттық.
Бүгінде бәсекелестік бар, бірақ қатты емес,  біз пластик өндірушілеріміз бағадан ұтамыз. Басқа бәсекелестеріміз дайын пластикты шетелден әкеледі. Бүгінгі таңда қазақстандық нарықта ПЛИПРОПИЛЕНДІ парақтар мен пластмассадан понтондар  шығаратын бізден басқа өндіруші жоқ».

Санжар БАУЫРЖАНОВТЫҢ пікірінше, пластикалық цистерналар тиімдірек, өйткені металдан айырмашылығы, олар тексеруді қажет етпейді, тот баспайды және қолайсыздықтар әкелмейді. Зауыт өз өнімдеріне 50 жылдық кепілдік береді

Өнімдер пластикалық болғанына қарамастан, коммерциялық директор өндірістің табиғатқа зияны жоқ деп сендіреді, өйткені компания шикізатты ақылмен пайдаланады және өндіріс қалдық қалмайды.

Олжас Айдарбек