Шымкентті көгалдандыру акциясы жалғасуда

67

Шымкентте қаланы көгалдандыру акциясы жалғасуда. Бүгін «Нұр Отан» партиясы мен «Азаматтық альянс» өкілдері дендросаябақ аумағында ағаштар отырғызды. Онда тамырлаған 60-қа жуық жас көшеттер, бірнеше жылдан кейін биік үйеңкі, шынар және ерен ағашына айналады.

Бірнеше жылдан кейін жас ағаштар қала тұрғындарына жаздың аптап ыстығында пана болады. Шымкент дендросаябағындағы веложол бойында 60-тан астам шынар, үйеңкі мен ерен көшеттері отырғызылды.

Жұмағали БІЛІСБЕКОВ, «Шымкент қаласының Азаматтық альянсы» қауымдастығының президенті: «Қаланы көгалдандыруға өз үлесімізді қосқымыз келді. Осылайша, қала тұрғындарының патриоттық сезімі болуы үшін тәрбиелік сәт көрсетілді. Егер кем дегенде бір адам ағаш отырғызса, онда біздің жасыл қала өз атауына лайық болады. Менің ойымша, темір жолының бойында ағаштар қажет. Қала тұрғындары осында демала алады. Бұл біздің қалалықтардың сүйікті орны».

Айта кетейік, келесі көктемде бұл саябақта жапон шиесі мен экзотикалық айланта гүлдейді.

Ақнұр ШУЛЕНБАЕВА Шымкент қалалық дендросаябағының орман патологы: «Шымкент қаласының кез келген тұрғыны саябақта ағаш отырғыза алады, олар үшін біз учаскені ұсынуға дайынбыз. Бізде бірнеше аллеялар бар, оларға қалалық кәсіпкерлер ағаш отырғызды, ірі компаниялардың аллеялары да бар».

Бұл акцияны «Нұр-Отан» партиясы мен «Азаматтық альянстың» өкілдері ұйымдастырды. Ал көшеттерді егуге еріктілер мен жасотандықтар көмектесуде. Шымкентте екі күн ішінде 1700 көшет отырғызылды.

Олжас Айдарбек