Түркістан қаласының көшелерінің бірінде белгісіз біреулер травматикалық қарудан оқ атқан

216

Бүгін Түркістан қаласының көшелерінің бірінде белгісіз біреулер травматикалық қарудан оқ атқан. Аталған жайтты полицейлер Түркістан ҚПБ-да 293-бап «Бұзақылық» бойынша тіркеді. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде.

Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар адамдарды анықтады. Оларды ұстауға қатысты шаралар қабылдануда. Болған оқиғаның толық мәнжайы анықталуда.