Түркістан: ҰБТ тапсырушылар саны 10 пайызға көбейген

210

Биыл Түркістан облысында ҰБТ тапсырушылар 10 пайызға көбейген. Бұл туралы өңірдің адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы мәлімдеді.

Жауапты сөзінше өткен жылы бірыңғай тестілеуді талапкерлердің 70 пайыздан астамы тапсырса, биыл бұл көрсеткіш 80 пайызға жеткен. Осылай деген басқарма өкілдері түлектер үшін жауапты сынақтың жаңа форматын да таныстырып өтті. Мүмкіндіктің екі рет берілетінін айтқан мамандар оқушыларға заңсыздыққа бармауды ескертті.

Рақымбек ЖОЛАЕВ, адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы: «Тестілеу талаптарын қатаң сақтауды ұсынамын. Яғни, заңсыздыққа ешқандай да жол жоқ. Компьютер маңдайшасында камера барлығын қарап отырады. Сондықтан әсіресе ұялы телефон, шпаргалка сынды түрлі жеңіл жолмен ешқандай әрекет жасамаңыздар. Бұл өздеріңіздің әдептіліктеріңіз».

Айта кетейік, Түркістан облысында ҰБТ 25 сәуірде басталады. Барлығы 6 аумаққа бөлінген сынақ пункттерінің бірі Шымкент қаласында орналасқан. Үшінші мегаполистегі бөлімшеде Сайрам, Арыс, Ордабасы сынды аудандардың талапкерлері білімін електен өткізеді. Ал, бұған дейін 10 күнге жалғасқан процесс биыл 9 маусымда аяқталады дейді басқарма басшысы.

Назерке Үкібасова