Түркістан: ҰОС ардагерлеріне 1 млн. теңгеден беріледі

46

Түркістан облысында Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 1 млн. теңгеден аударылады. Мұндай қаржылай төлемге 28 майдангер ие болады.

Сондай-ақ, тыл еңбекері мен қаза болған жауынгердің жесірлеріне де біржолғы материалдық төлем қарастырылған. Осылайша Жеңістің 76 жылдық мерекесіне орай түркістандық 6808 ардагерге бір реттік материалдық көмек төлеу үшін аудандық, қалалық бюджет есебінен 233,2 млн. теңге қаржы бөлініп отыр. Жауаптылар айтуынша, бұл төлемдер 4 мамырға дейін толық аударылады.

Атап айтқанда, Ұлы Отан соғысының 28 ардагері мен мүгедектеріне – 1 млн. теңгеден;
6722 тыл еңбеккері мен қаза болған жауынгердің жесірлеріне – 30 000 теңгеден;
55 блокадалық Ленинградтың тұрғынына, соғыста қайтыс болғандардың жесірлеріне​ – 60 000 теңгеден;
Кәмелет жасына толмаған бұрынғы  тұтқындарға, Ұлы Отан соғысына қатысқан немесе мүгедектігіне теңестірілген басқа да санаттарға – 100 000 теңгеден беріледі.

Шынар Оразова