Ұлы Отан соғысының ардагері Нигмат Гареев биыл 105 жасқа толады.
Туыстарының айтуынша майдангердің жағдайы бірқалыпты. Башкұртстанның тумасы Нигмат 1938 жылы 18 жасында Маньчжурияға әскерге шақыртылды. Ал 1944 жылы майданға аттанды. Шайқаста көрсеткен ерлігі үшін 1 дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен, бірнеше медальдермен марапатталған. Туған жері Уфаға 1947 жылы оралып, 1952 жылы Шымкенте қоныс аударады. Нан зауыты, вагон деполарында еңбек етіп, гидролиз зауытынан зейнетке шығады.
Гареевтер отбасы әрдайым назардан тыс қалдырмаған жерлестерне алғыстарын айтып, мерекемен құттықтады.
Жауынгерлердің есімі, ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Олардың өмірлік жолы, Отанына деген сүйіспеншілігі өскелең ұрпаққа үлгі өнеге.
Шынар Оразова