Жолаушылар терминалының бірінші кезеңі толығымен аяқталды

122

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов әуежайдың жаңа жолаушылар терминалының құрылыс жұмыстарымен танысты. Бүгінгі таңда, жобаның бірінші кезеңі толығымен 100 пайызға орындалып отыр. Ал, жобаның екінші кезеңі бойынша құрылыс жұмыстары қарқын алған.

Қасбеттік жүйелерді монтаждауды аяқтау 2021 жылғы 15 маусымға жоспарланған. Қазіргі таңда, жолаушылар терминалының құрылысын орындаудың жалпы пайыздық көрсеткіші 60%-ды құрауда.

Одан бөлек әкімге әуежай аумағын абаттандыруға арналған жобалардың жүзеге асырылу барысы таныстырылды. Өткен жылы қала әкімдігімен 912 млн. теңгеге әуежай алдындағы алаңдағы автотұрақты абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп, аяқталған болатын. Ал, жобалық құны 1,7 млрд.теңге құрайтын жаңа кірме жолды салу бойынша жұмыстар жүргізілуде, оны аяқтау ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығының соңына жоспарланған.

Бұдан басқа инженерлік желілерді салу үшін жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, аталған желілерді салуды 2021 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.