Жолда қалып қойған жандарға ауыз су мен құрма таратылды

274

Шымкентте ауызашар уақытында жолда қалып қойған жандарға ауыз су мен құрма таратылды. Қайырымды жандар мен Жастар ресурсттық орталығының еріктілері бірлесіп Рамазан айында игі іс жасауды қолға алыпты.

Әр апта сайын ұйымдастырып тұрамыз деген олар халыққа қол ұшын созуды әдетке айналдырғымыз келеді дейді. Бұл шарада аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды да ұмыт қалдырмай, азық-түлік қораптарын таратты.

Ауыз ашатын мезетте жолда қалып қойған 300 жанға бір шөлмек су мен құрма таратты. Шымкенттік қайырымды жандар мен Жастар ресурстық орталығының еріктілері жасаған шағын ауызашар Бәйдібек би көшесі мен Төлеметов көшесінің қиылысында орын алды. Олар өз тартуларын кептелісте тұрған көлік жүргізушілері мен қоғамдық көлік жолаушыларына үлестірді.

Шара ұйымдастырушылары бұдан бөлек аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ауызашар себеттерін үлестірді. Әр үйге қажетті деген азық-түліктер жинақталған қораптарды халықпен бірге толтырдық дейді «Рахым нұры» қайырымдылық қорының басшылығы.

Бимырза ТҰРЛЫБЕКҰЛЫ, «Рахым нұры» қайырымдылық қоғамдық қорының төрағасы:
«Біздің мақсатымыз мұқтаж жандармен жұмыс істеу. Біздің елімізде қаншама мұқтаж жандар бар. Көп балалы аналар бар,  өкіметтің көмегінен тыс қалған қаншама адамдарымыз бар. Қаншама азық-түлікпенен қамтамасыз етіп жатырмыз. Осы ісімізді жағастырудамыз. Мына Ораза айының құрметіне әр апта сайын мысалыға 50 отбасыға осындай қайырымдылық көрсетіп жатырмыз».

Қасиетті айдағы игі істер мұнымен бітпейтіндігін айтқан ұйымдастырушылар алдағы уақытта да әр апта сайын осыналай игі істі өткізуді жоспарлап отыр.

                  Мөлдір Ибадуллаева