20 мыңға жуық адам партия қатарынан шығарылған

62

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы қатарынан соңғы екі жылда 20 мыңға жуық адам шығарылған. Бұл туралы Түркістанда өткен «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезекті есеп беру-сайлау конференциясында белгілі болды.

Жауаптылар праймериз кезінде азаматтарды түгендеу жұмыстарының белсенді жүргізілгенін айтады. Сол себепті партиядан байланысын үзген, жарна төлемеген және басқа жаққа көшкендер партия тізімінен алынған. Бірақ 11 мыңнан астам адам партия қатарын қосылыпты.

Сонымен қатар, филиал төрағасының бірінші орынбасары 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстарға есеп беріп, өңір арыз-шағымды дер кезінде қадағалау көрсеткіші бойынша республикада көш бастап тұрғанын жеткізді.

Конференцияны қорытындылаған облыс әкімі, партияның облыстық филиал төрағасы Өмірзақ Шөкеев соңғы екі жылда атқарылған жұмыстарды оң бағалап, облыстық, аудандық және қалалық филиал төрағаларына бірқатар тапсырма берді. Жиын қортындысы бойынша «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы Саяси кеңесінің жаңа құрамы сайланып, қаулы қабылданды.

Олжас Айдарбек