Ұлы Отан соғысының ардагері Анна Федоровнаның соңғы жылдары денсаулығы сыр беріп, жиі ауыратын болды.
«Мен біздің майдангерлерді, Отанымызды, тәуелсіздігімізді қорғаған батырларымызды Ұлы Жеңіспен құттықтаймын! Мен туып өскен жерімді қорғадым. Мен Оңтүстік Қазақстанда туып өстім. Осында 98 жыл өмір сүріп келемін. Отанымды қатты сүйемін, қастерлеймін!».
Соғыс басталғанда Аня Лысенко /әкесінің тегі/ Чимкенттегі педагогикалық институттың бірінші курсын бітірген болатын. Майданға аттану шешімі бірден қабылданды. 9 құрбы -студенттермен военкоматқа барып, өтініштерін қалдырды. Ертесіне қыздар қалалық байланыс торабында «байланысшы» кәсібін үйренуге кірісті.
Бұл 1941 жылдың қазан айы болатын. Білімін жетілдіру үшін пысық Аняны басшылық Ташкентке жіберді. 1942 жылы емтиханды табысты аяқтап, ефрейтор шенінде сұрапыл соғысқа аттанды. Анна Сталинград үшін шайқаста байланысты қамтамасыз етті.
Шынар Оразова