Анна Федоровна Шаля: Ерлікке толы өмір

253

Ұлы Отан соғысының ардагері Анна Федоровнаның соңғы жылдары денсаулығы сыр беріп, жиі ауыратын болды.

12-ші маусымда Анна Шаля  98 жасқа толады. Өмірге құштарлығымен ерекшеленетін  белсенді  қарт майдангер Жеңістің 76 жылдығымен қаруластарын құттықтады:

«Мен  біздің майдангерлерді, Отанымызды, тәуелсіздігімізді қорғаған  батырларымызды Ұлы Жеңіспен құттықтаймын! Мен туып өскен жерімді қорғадым. Мен Оңтүстік Қазақстанда туып өстім. Осында 98 жыл өмір сүріп келемін. Отанымды қатты сүйемін, қастерлеймін!».

Анна Шаля Ұлы Отан соғысының 60 жылдығына арналған Мәскеуде өткен шеруге Қазақстан Республикасынан қатысқан делегацияның құрамында болды.

Соғыс басталғанда Аня Лысенко /әкесінің  тегі/ Чимкенттегі педагогикалық институттың бірінші курсын бітірген болатын. Майданға аттану шешімі бірден қабылданды. 9  құрбы -студенттермен военкоматқа барып,  өтініштерін қалдырды. Ертесіне  қыздар қалалық байланыс торабында  «байланысшы» кәсібін үйренуге  кірісті.

Бұл 1941 жылдың қазан айы болатын. Білімін жетілдіру үшін пысық Аняны басшылық  Ташкентке жіберді. 1942 жылы емтиханды  табысты аяқтап, ефрейтор шенінде  сұрапыл соғысқа аттанды. Анна Сталинград үшін шайқаста байланысты қамтамасыз етті. 1942 жылы Қазақстанның  қайсар  қызы «Ерлігі үшін» медаліне ұсынылды. Бұдан кейін де орден медальдер болды, алайда Аня үшін  алғашқы медалі ерекше қымбат. Анна Лысенко Уман байланыс полкі құрамында  Украинаны неміс басқыншыларынан азат етуге қатысып, Румыния, Венгрия, Чехославакия аумағында Совет Армиясының әскери операцияларында байланысты қамтып келді.

Жеңіс күнін Прагадағы Новое место елдімекенінде қарсы алды. 12 мамырда отбасын құрып, күйеуінің Шаля тегіне өтті.

Шынар Оразова