Әуе шарының құлауы жарықтың сөнуіне себеп болды

146

 

Кеше кешкі сағат 20:24 шамасында Тұран шағын ауданында жеке кәсіпкер әуе шарын жинау барысында апатты оқиға орын алған. Яғни желдің соғуы себебінен әуе шары басқарылмай 10 кВ әуе желісінің үстіне құлап, электр желілері үзілді.

Сондықтан Тұран шағын ауданы мен Шымсити, Асар-2 шағын ауданы және New City көпқабатты тұрғын үйлеріндегі 4 мыңға жуық абонент электр қуатынсыз отыр.
Қазіргі таңда «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-нің, «Қуатжылуорталық-3» МКК-нің арнайы бригадалары қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.

Аталған факт Қаратау аудандық полиция басқармасында арыздарды есепке алу кітабына №217913030012355 тіркелді және Қылмыстық Кодекстің 204 бабының 2-бөлігімен тіркелу көзделуде.
Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұрай отырып, тұрғындарды сабырлық танытуға шақырамыз!