Баспана бағасы 1,7 пайызға қымбаттады

46

Қазақстанда  баспана бағасы тағы қымбаттады.

Статистика бюросының мәліметінше, тұрғын үйді алып-сату құны өткен айда 1,7%-ке өскен. Ал жаңа үйлердің бағасы 0,8%-ке көтерілген. Тұрмысқа жайлы баспананы жалдау құны 1,1%-ке қымбаттады.

Бюро таратқан ресми мәліметке сүйенсек, сәуірде жаңа үйдің шаршы метрі шамамен 327 мың теңгеден асқан. Ал баспананы жалдау бағасы шаршы метрі үшін 1744 теңгені құрады. Сарапшылардың айтуынша, шілдеге қарай жылжымайтын мүлік нарығында баға тұрақталуы мүмкін.

Шынар Оразова