Halyk Bank Қазақстандағы бизнеске арналған мобильді банктер рейтингінде үздік атанды

75

 

SME Banking Club 2021 Digital Forum-да ТМД және Кавказ елдеріндегі бизнеске арналған мобильді және интернет-банк — Mobile Business Banking 2021 және Business Online Banking 2021 бойынша зерттеу нәтижесін таныстырды. Halyk Bank Қазақстандағы бизнеске арналған мобильді банктер рейтингінде үздік атанып, сондай-ақ ТМД және Кавказ елдеріндегі ТОП-20 үздік мобильді банк қатарына енді.

Зерттеу нәтижелері өңірдегі бизнеске арналған мобильді және интернет-банктердің функционалын, ШОБ клиенттері үшін маңыздылығы мен қажеттілігін ескерді. Атап айтқанда, сарапшылар әр елдің үздіктерін анықтады және олардың қатарында Halyk Bank-тің бизнеске арналған Onlinebank қосымшасы аталды. Бұл банк командасының «Бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін функционалдық және заманауи мобильді қосымшасын жасай алғанын дәлелдейді.

Onlinebank-ке тіркелгеннен кейін бірден жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге және шот ашуға болады. Әрі қарай, қосымшада сіз тегін жеткізу қызметі бар корпоративтік картаны аша аласыз немесе Apple Pay және Samsung Pay-ге байланыстыруға болатын цифрлы картаны шығаруға болады. Цифрлы карта — бұл Onlinebank-те әп-сәтте шығарылатын және толығымен қолдану тегін бірегей банк өнімі.

Қосымшада ақша айырбастауға болады, ал кәсіпкерлер үшін «Сауда сигналы» функционалы қолжетімді, яғни күтілетін бағамды көрсетіп, одан ары нарық өзгеріп, қажетті бағамға жеткен кезде банк клиентке push-хабарлама жолдау мүмкіндігін қарастырған. Onlinebank-те сондай-ақ рубльмен ақша аударудың жеңілдетілген түрі бар. Енді алушының деректемелері автоматты түрде толтырылады. Бұдан басқа «Бағдаршам» сервисі іске қосылды, онда сервис базасы әріптестердің сенімділігін тексереді.

Onlinebank қосымшасы қызметіндегі үлкен серпілістің бірі — бұл телефон нөмірі бойынша жеке тұлғалар да, бизнес-серіктестер де 24/7 режимінде комиссиясыз заңды тұлғалар мен ЖК шоттарына ақша қаражатын аудару мүмкіндігі. Бұл қызметті қолдану үшін бизнес иесі сенімді нөмірді Onlinebank қосымшасындағы компанияның шотына тіркеуі тиіс.

«Бұл жетістік – Halyk Bank командасының еңбегі. 2020 жылы күрделі коронавирус кезеңде тек жұмыла жұмыс істеп қана қоймай, сонымен қатар кәсіпкерлер карантиндік шектеулер жағдайында белсенді қолданған инновациялық және практикалық онлайн-сервистер мен өнімдерді әзірлеу және оны енгізу үшін өзінің цифрлық әлеуетін шоғырландырды. Бүгінгі жетістігіміз Halyk Bank және Halyk тобындағы барлық компаниялар ұсынатын онлайн-қызметтер мен өнімдерді дамытуға қосымша ынта беретіні сөзсіз», — деп атап өтті Halyk Bank төрағасының бірінші орынбасары Антон Мусин.