Елімізде 1 шілдеден бастап халықтың арыз-өтініші «е-Өтініш» базасына енетін болады. Бұл туралы Нәтижесінде, азаматтардың шағым-тілектері мемлекеттік органдарға біртұтас ақпараттық жүйе арқылы орналасады.
Ал өтініш беруші өз өтінішінің мемлекеттік органдарда қаралу барысын қадағалай алады. Және дәлелдер келтіріп, түсініктеме берумен қатар қажетті құжаттарды да ұсына алады. Өтініштерді қарау мерзімі 30 тәуліктен 15 күнге қысқартылған.
Сала мамандарының сөзінше, басты мақсат – азаматтар өтінішіне сапалы жауап беру дейді. Түркістан облысына іссапармен келген Мемлекет басшысының көмекшісі – Президент Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Тамара Дүйсенова өңірдегі «е-Өтініш» ақпараттық жүйесін енгізу жұмыстарына оң баға берді.
Тамара ДҮЙСЕНОВА, ҚР Президенті Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі: «»Халық үніне құлақ түріп, соған сәйкес әрекет жасау – мемлекеттің негізгі міндеті. Мына арыздардың барлығы бір базада тіркелетін болады. Біз бәріміз де кімде қанша арыз бар екенін енді көріп отыратын жағдайымыз бар – бірінші. Екінші – осы арыздардың қайсысы мемлекеттік органмен қай уақытта қалай қаралып жатқандығы жөнінде де ақпарат болады. Сондықтан біз сіздерге бүгінгі тапсырған, сіздер жұмыс істей бастаған «еӨтініш» жүйесі бүтін мына келіп түскен ақпаратты, арыздардың тарихын көріп отыратын үлкен бір база құрылғалы отыр».
Ал азаматтар мемлекеттік органнан алған жауабына қанағаттанбаса, одан жоғары сатыда тұрған органға шағым түсіре алады. Және шешім қабылдаған мемлекеттік органды талап арызбен сотқа беруге құқылы. Шағымдану кезінде шешімдердің немесе жауаптардың негізділігін мемлекеттік орган дәлелдейді.
Бұл ретте жаңа әкімшілік соттар құрылады. Қазіргі таңда орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 100% ақпараттық жүйеге қосылған. Саладағылар енді тұрғындардың мәселесіне жүрдім-бардым қарап, әуре-сарсаңға салу да тыйылады деп отыр.