Кенеден сақтаныңыз!

487

Шымкент қаласы конго-қырым геморрагиялық қызбасы ауруынан қолайсыз аймағына жатады.Былтыр аталған ауруға шалдыққан 1 науқас тіркелген. Биыл қауіпті індетпен бірде бір адам тіркелмеген. Алайда ағымдағы жылы кене шағып медициналық көмекке қаралған 71 адам тіркелген.

Аурудың алдын алу мақсатында сала мамандары табиғи ошақ аумағында орналасқан Ақтас, Бозарық, Ынтымақ елдімекендеріндегі жануарларды, қора- жайлар мен үй жайларының аумағын кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуде..

Саябақта жүрген мына оқушылар конго-қырым геморрагиялық қызбасының қоздырғышы – кене екенін біледі екен. Сондықтан да ашық түсті, жабық киімдер киіп алыпты.

Оқушы: «Ия, біз диктант жазғанбыз.Білеміз. кене шақса дәрігерге жүгіну керек».

Оқушы:» Май жағып, пинцетпен жұлып шаққан жерге спирт жағу керек».

Эпидемиологтар кене шақса, дереу дәрігерге бару керек екенін қатаң ескертеді. Конго -қырым геморрагиялық қызбасы – вирус қоздырғышынан туындайтын аса қауіпті жұқпалы ауру. Науқас дер кезінде медициналық көмекке жүгінбесе, соңы өлімге апарып соғуы мүмкін екен.
Балкүміс МҰСАЕВА, Шымкент қаласының  санитариялық-эпидемиологиялық бақылау  департаментінің бөлім басшысы: «КҚГҚ ауруынан Шымкент қолайсыз аймақтарға жатады. Жылдың басынан Шымкенттің өзінде кене шағып, медициналық көмекке қаралған 71 адам тіркелген. Былтыр 1 науқас тіркелді, ағымдағы жылы бірде бір науқас тіркелмеді».

Конго-қырым геморрагиялық қызбасының алғашқы белгілері кене шаққан күннен бастап екі аптада білінеді. Дене қызуының кенеттен 39-40 градусқа дейін көтеріліп, бас ауырып, көз қызарып, бет, мойын және дене ауырады. Лоқсу немесе құсу қатар жүріп, жатырдан, асқазаннан қан кету, ине енгізу орындарында қанталау белгілері байқалады. Сондықтан мамандар табиғатқа шыққанда өте мұқият болып, қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.

Шынар Оразова